Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
432 материал табылды

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2023

Қоңыр мұң

Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның өткен ғасырдың 1960-1980-жылдары аралығындағы ұлттық бояуға бай, кестелі тілімен көркем жазылған шұрайлы әңгімелерін оқып отырып, жыл өткен сайын сол туындылардың құндылығы артып, қын түбінде жатқан болат кездіктей өткірлене түскенін көресің. Бұл шығармалардың ерекшелігі – сол дәуірдің өзінде әр кейіпкердің бойынан халқымыздың болмысына тән мейірімділік, ізгілік, адалдық, имандылық секілді асыл қасиеттерден қалай алыстап бара жатқанын тап басып жазады.

Басылым • 19 Қыркүйек, 2023

Адалдықты ар тұтқан

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­­верситетінің Ғылыми кітапханасында бел­гілі журналист, саясаттанушы Кенжеболат Жолды­байдың «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға қаламгерді жақын білетін зиялы қауым өкілдері, замандастары, жерлестері қатысты.

Тұлға • 14 Қыркүйек, 2023

Журналист Жұматай мектебі

Былтыр ел Үкіметінің қаулысымен белгілі журналист, сатирик Жұматай Сабыржанұлының есімі туған жері – Қостанай облысы Амангелді ауданы Қабырға ауылындағы орта мектепке берілді. Осыған орай аталған білім ордасында қаламгер есімін ұлықтауға арналған мазмұнды іс-шара өтті.

Ұстаз • 12 Қыркүйек, 2023

Әзербайжандық ұстаздарды оқытты

Бакуде әзербайжандық мұғалімдердің үлкен тобына «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қарасты Педа­го­г­икалық шеберлік орталығының сертификаты табыс етілді.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2023

Жалғызілікті ана, қамкөңіл бала...

Ұмытпасам, 2000-жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде «XX ғасырдағы қазақтың үздік жүз әңгімесіне қай қаламгердің туындысын ұсынар едіңіз?» деген шағын сауалнамаға белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып «Қажығали Мұханбетқалиұлы. Муратик» деп жауап бергені бар. Шынымды айтсам, оқушы кезімнен Қажығали ағаның шығармаларымен жақын таныс болсам да, дәл осы әңгімесін оқымаған екенмін. Бірақ Иран-Ғайып ағаның жауабы қатты қызықтырып, осы туындыны оқуға аңсарымды аударды.

Театр • 11 Қыркүйек, 2023

Маусымашар қойылым – «Абай»

Жайдарлы күз келіп, еліміздегі театрлар­дың да жаңа маусымы басталды. Елорда­дағы «Астана Опера» театры XI маусы­мын ұлттық рухани қазынамыздың інжу-маржанына айналған заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазыл­ған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашты. Еліміздегі бірегей өнер ордасының үздік туындыларының біріне айналған бұл қойылым үшін аталған театр осыдан бес жыл бұрын Мемлекеттік сыйлықпен марапатталған еді.

Таным • 10 Қыркүйек, 2023

Армандастар – құрдастар

Бір ауылда туып, бір мектепте оқып, құлын-тайдай шұрқырасып өскен сыныптас достармен басымыз қосыла қалғанда осы әнді шырқай жөнелеміз. Ән шумақтарын бәріміз де жатқа білеміз. Оны бізге дейін әке-шешеміз де, аға-апаларымыз да талай мәрте шырқаған еді. Тіпті мұқым қазақ шырқайды десек артық айтпаймыз. Сонда бұл әннің қандай құдіреті бар? Кейде адамның ой-қиялы, ұғымы жетпейтін дүниелер болады ғой. Әлде сондай ма екен?

Мәдениет • 08 Қыркүйек, 2023

Бас сардар бейнебаяны

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына орай белгілі күйші, Мәдениет қайраткері Айтбай Мұздахановтың «Амангелді дүбірі» атты күйіне бейнебаян түсірілді. Кеше осы бейнебаянның «Хабар» арнасының «Оян!» таңғы ойын-сауық бағдарламасында тұсаукесері өтті.

Жәдігер • 07 Қыркүйек, 2023

Сырағаңа сыйланған шапан

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәу­леновтің өз қолымен тапсырған қолжазбалары, қаламгерлермен, оқырмандарымен жазысқан хаттары, тұтынған заттары және кітаптары сақталған. Солардың ішінде тамыры бір туысқан өзбек халқының ардақты ақынның иығына жапқан шапаны да бар.

Ұстаз • 05 Қыркүйек, 2023

Жас ұстаздар форумы

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты ІІ республикалық форум өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген 180-нен астам жас мұғалім қатысты.