Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
432 материал табылды

Экология • 19 Ақпан, 2024

Жаһандық бастамаға үн қосты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті отандық жоғары оқу орындары арасында әлем тұр­ғындарын энергияны үнемдеуге және табиғи ресурс­тарды сақтауға шақыратын «M’illumino di Meno» экологиялық акциясына бірінші болып қатысып, жаһандық бастамаға үн қосты.

Ғылым • 19 Ақпан, 2024

Экологияны жақсартатын технология

Дүниежүзілік банктің болжамынша, еліміздегі таза су қоры жыл санап азайып келеді. Сарапшылардың айтуынша, сегіз жылдық мерзімде таза суға тапшылықты 15 пайызға дейін тартады екенбіз. Екіншіден, біз күн сайын жұтып жүрген ауа да ластанған. Бұл мәселе отандық ғалымдарды қатты алаңдатады. Олар осы тығырықтан шығу үшін түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын бас­тады. Нәтиже де жоқ емес. Айталық, Nazarbayev University Астана ұлттық зертханасының (NLA) ғалымдары еліміздегі және әлемдегі экологиялық жағдайды жақсартатын технология жасау­ды қолға алған. Мәселен, олар жарықтың әсерінен судағы ластаушы заттардың зиянсыз элементтерге ыдырауын тездететін тиімді фотокатализаторлар жасап шығарды.

Университет • 16 Ақпан, 2024

Қазақ тілін оқытуды жетілдіреді

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы биылғы ғылыми кеңестің алғашқы отырысында қазақ тілін оқытуды жетілдіру мәселесін талқылады. Онда жаңа ұстанымның бірі ретінде ҚазТест жүйесіне негізделген әдістемені енгізу қарастырылды.

Басылым • 13 Ақпан, 2024

Танымал баспадан шыққан еңбек

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­­си­теті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компилято­ры­­на кіріспе») атты кітабы әлемге танымал «Sprin­ger» баспасы­нан ағылшын тілінде жарық көрді.

Тағзым • 11 Ақпан, 2024

Қос дарынды еске алды

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-дирижер Мырзағали Айдаболов пен Мәдениет саласының үздігі, композитор-дирижер Мұха­метқали Тінәлинді еске алуға арналған «Дарынгер» атты музыкалық кеш өтті.

Мәдениет • 08 Ақпан, 2024

Күй тілімен бейнелеген...

Әйгілі Сүгір күйшінің «Қосбасарын» тыңдап көрсеңіз, шынында, ғаламат туынды екенін мойындайсыз. Оны тыңдағанда өзгеше әлемге еніп, жан-дүниеңізді мөлдір мұң басады. Күйдің сарынынан елі мен жерін қорғап, шейіт болғандардың жан дауысын естігендей боласыз. Иә, солай. Бұл туындының тарихы да тыңдаушыға ой салады.

Таным • 01 Ақпан, 2024

«Үлгілі іс»

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің қызметкері, жас ғалым Батырлан Сағынтаев фейсбуктегі парақ­шасына 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Торғай­ұлы» есімді автордың «Үлгілі іс» атты мақаласын жариялады.

Театр • 31 Қаңтар, 2024

Балет әртісінің жеңісі

«Астана опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрі­баев Ресейде өткен «Одиссея-Arts» халықаралық көпжанрлы арт-олим­пиаданың «Хореография» аталымында I дәрежелі лауреа­т атанды.

Өнер • 30 Қаңтар, 2024

Үнді тыңдармандарын тәнті етті

Үндістанда екі аптаға созылған 33-халықаралық Лакшминараяна музы­калық фестивалі өтті. Оған елімізден де өнерпаздар қатысып, қазақ мәдениетінің мәртебесін асқақтатты.

Өнер • 24 Қаңтар, 2024

Сөнбес сәуле

«Астана опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында әйгілі әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Амангелді Сембинге арналған «Сөнбеген сәуле» атты музыкалық кеш өтті.