Жанболат Кенжеғұл
Жанболат Кенжеғұл«Egemen Qazaqstan»
389 материал табылды

Видео • 10 Қаңтар, 2020

Домбыра тартып үйрену сабақтары - 3 (видео)

«Күйшілер одағының» мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, күйлері Шалқар радиосының Алтын қорына енген дарынды автор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі профессор Ж.Жүзбайдың шәкірті Тілеулі Еңглік жүргізетін домбыра тартып үйрену сабақтарын жалғастырамыз.

Видео • 09 Қаңтар, 2020

«Сейдін» сөзінің мағынасын білесіз бе? (видео)

Туған тіліміздің байлығын ескере отырып, мағынасы ұмытылып бара жатқан кейбір сөздерді назарға ұсынып отыруды жөн көрдік. Ендеше, сіздер де таныса отырыңыздар, қымбатты оқырман! 

Видео • 26 Желтоқсан, 2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 26 желтоқсандағы санына шолу (видео)

«Егемен Қазақстан» газетінің 26 желтоқсандағы саны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар қабылдауы туралы ақпаратпен басталып, саясаттағы салмақты, қоғамдағы өзекті жаңалықтармен жалғасты.

Видео • 17 Желтоқсан, 2019

"Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған деректі фильм

Алаш аманатын абыроймен арқалап, болашаққа бағдар бұрған ұлт үнпарағы «Egemen Qazaqstan»-ның ғасыр биігіндегі ғибратты тойы – мұқым қазаққа ортақ мереке, айтулы сәт. «Ұшқыннан» от алып, кемел келешекке батыл қадам басқан ел газетінің рух мұзартынан үздіксіз үн қатып келе жатқанына – 100 жыл! Тұтас ғасыр ұлт шежіресін тасқа қашаған қарашаңырақ басылымның дәуір тынысын бедерлеудегі тарихы да, тағылымы да теңдессіз. Күні кеше сол тарихтың тағылым биігінен үн қатқан ұлағаты ұлықталды. Күллі қазақ көз тіккен мерейлі сәт елорда төрінде салтанатты түрде аталып өтті.

Видео • 17 Желтоқсан, 2019

Egemen Qazaqstan газетінің өзгеру тарихы (видео)

1919 жылдың 17 желтоқсанында Орынбор қала сында басылып шыққан «Ұшқында» Халел Есенбаев, Мəннан Тұрғанбаев, Тамимдар Сафиев, Ешмұхаммед Бегалиев жəне Бернияз Күлеев секілді азаматтар еңбек еткен. Газеттің алғашқы санында басқарманың «Оқушыларға» деген үндеу мақаласы, Ерғали Алдоңғаровтың «Сиезге əзірленіңдер» мақаласы мен ақын Бернияз Күлеевтің «Ұшқынға» атты өлеңі жарияланған. Газет өз заманында қоғамдағы өзгерістердің барысын, жер-су, оқу-ағарту мəселелерін кеңінен жазды. Халел Есенбаев, Бернияз Күлеев редакторы болды. Одан кейінгі тарихы жайлы төмендегі видеодан білуге болады.

Видео • 05 Желтоқсан, 2019

Арқалық мазуттан қашан арылады? (видео)

Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баспасөз конференциясында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арқалық қаласындағы жылу мәселесін қозғады. Бұл сұраққа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жауап берді.

Видео • 03 Желтоқсан, 2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 3 желтоқсандағы санына шолу (видео)

«Егемен Қазақстан» газетінің 3 желтоқсан күнгі саны Мемлекет басшысының бірқатар кездесулері, маңызды қабылдаулары, саяси салмақты басқосуларымен басталып, жиырма жасқа баспана берілгені туралы жағымды жаңалықпен жалғасты.

Видео • 29 Қараша, 2019

"Егемен Қазақстан" газетінің 29 қарашадағы санына шолу

«Егемен Қазақстан» газетінің 29 қарашадағы саны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке жасаған сапары аясындағы бірқатар кездесуімен басталды.

Видео • 28 Қараша, 2019

"Егемен Қазақстан" газетінің 28 қарашадағы санына шолу

Бауырлас елмен байланыстың жаңа белесі жайлы мақаламен басталған «Егемен Қазақстан» газетінің 28 қарашадағы саны Тұңғыш Президенттің бірқатар кездесулерімен жалғасты.