• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:21

Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады

30 рет
көрсетілді

Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

Ливан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар. Шабуылдар бірнеше ауданда тіркеліп, нысанаға көлік құралдары алынған.

Ал Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) мәлімдемесінде әуе соққылары «Хезболла» қарулы тобының инфрақұрылымы мен қару-жарақ қоймаларына бағытталғаны айтылған.

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

Аймақтағы жағдай сәуір айының ортасында енгізілген атысты тоқтату режимінің бұзылуы шеңберінде ушығып отыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бітім мерзімі тағы үш аптаға ұзартылғанын мәлімдеген еді. Соған қарамастан, шекара маңындағы аумақтарда шиеленіс сақталып, тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастырып келеді.

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Соңғы жаңалықтар