Бүгін Алматыда 170 «Инватакси» көлігі, соның ішінде 36 арнайы жабдықталған машина мен 134 жеңіл автомобиль жұмылдырылады. Қосымша 20 кезекші машина жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Қызмет кресло-арбамен жүріп-тұратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған.
«Инватакси» қызметі енді тәулік бойы қолжетімді. Бұрын тасымалдау тек күндізгі уақытта ғана жүзеге асырылатын, бұл ауруханаға барғанда, шұғыл жағдайларда немесе қоғамдық іс-шараларға қатысуда қиындықтар туғызатын. Алматыда сервисті 3 100 адам пайдаланады, олардың 2 215-і белсенді пайдаланушылар.
Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді
«Инватакси» − мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандандырылған көлік. Жоба балалар мен ересектерге қала бойынша жүріп-тұруға және медициналық мекемелер мен білім беру ұйымдарын қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік береді.
15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады