• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 16:47

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан 263 текше метр қоқыс шығарылды

10 рет
көрсетілді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қыс мезгілінде тазарту жұмыстарын жалғастырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында маңызды нәтижелерге қол жеткізді. 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 2026 жылғы 28 ақпан аралығында қызметкерлер 263 текше метр тұрмыстық қалдықты жинап, сыртқа шығарған. Негізгі жүктеме – көлдердің мұзындағы қысқы демалыс орындарына түседі екен, деп жазады Egemen.kz.

Қалдықтардың көп бөлігі демалыс және мереке күндерінен кейін жиналады. Көл мұзында және жағалау аймақтарында пластик бөтелкелер, пакеттер, азық-түлік қаптамалары, бір реттік ыдыстар және басқа да тұрмыстық қалдықтар қалады. Көктемде мұз еріген кезде бұл қалдықтар суға түсіп, көлдердің экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін.

Ұлттық паркті қорғау – елдік мәселе

Инспекторлар тек су айдындарымен шектелмейді. Ұлттық парк аумағындағы орман алқаптары мен туристік соқпақтарды тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі, бұл шаралар табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігі болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау шараларымен қатар, ұлттық парк табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін ескертеді. Қыс мезгілінде «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимін бұзу» бабы бойынша 34 дерек тіркеліп, әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ бір келуші «Орманды қалдықтармен бүлдіру, ластау немесе орман қоры жерлеріне өзге де зиян келтіру» бабы бойынша 20 АЕК айыппұл төледі.

Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды

Ұлттық парк әкімшілігі Бурабай табиғатын сақтау тек инспекторлардың жұмысына ғана емес, келушілердің жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салады. Келушілерге қарапайым ережелерді сақтау ұсынылады – қоқысты өзімен бірге алып кету және қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

«Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасады, ал инспекторлар аумақты тазарту шараларын жүйелі түрде өткізеді. Мысалы, 2026 жылғы 21 наурызда «Бурабай» МҰТП аумағындағы барлық көлдерде «Таза мұз» экологиялық акциясы жоспарланып отыр. Оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Еріктілер Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 «Б» мекенжайы немесе 8 (71636) 71236 телефоны арқылы хабарласа алады», делінген Ұлттық парк әкімшілігінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар