• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:12

Астанада Taldau Run өтті

0 рет
көрсетілді

Елордада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шарасы өтті. Жүгіруге 400-ден аса саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде барлық салада кешенді өзгерістер жүргізіліп жатыр. Жаңа Конституция мемлекеттік басқарудың заманауи әрі тиімді үлгісіне көшуін қамтамасыз ету және азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу құқықтарын кеңейту жөніндегі реформалардың нақты нәтижесі екені сөз болды.

М.Әшімбаев осындай іс-шараларға қатысу нағыз азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі екенін айтты. Бұл – саналы және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы­мен 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осы орайда басты нәрсеге назар аударуымыз керек. Яғни түпкілікті сөзді халық айтады. Сондықтан әркім өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын айқын­дайтын референдумға қатысу ерекше мәнге ие. Бүгін осылай белсенді, сыни ойлай алатын, ел ертеңіне бейжай қарамайтын ортада жаңа Конституция туралы айтуымыздың символикалық мағынасы терең деп есептеймін. Сіздердің әрқайсыңыз айнала­ңыз­ды жасампаздыққа шақырып, үлгі көрсетіп келесіз­д­ер. Мұны алдағы жаңаруларға ықпал ететін ынта­лан­­дырудың озық үлгісі деп қабылдаймыз», деп Сенат төрағасы қала әкімдігіне спорттық іс-шараны ұйым­дастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар