• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:15

Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі

0 рет
көрсетілді

Әлемге әйгілі тұлғалардың портретін кілемге бедерлеп танымал болған Әсел Сабыржанқызы жуырда су жаңа Олимпиада чемпионы – Михаил Шайдоровтың суретін дәл солай салып шығып, қалың елді тағы бір таңғалдырды.

Иә, алдымен суреттің шеткі жиек­терін ұстараның жүзіндей лыпып тұрған конь­кидің ұшымен салып шықты. Содан соң ғана суреттің ішкі бөлігіне құтыдағы түрлі түсті аэрозоль сырлармен өзгеше бір өң берді. Түкті кілемнің бетіне салынған тамаша суреттің астына «Осы тарихи сәтті еліміз үшін мәңгілікке бейнелеп қалдырдым!» деп жазба жазды. Оны ол өзінің инстаграм парақшасына жүктеді. Біле білген жанға осының өзі үлкен өнер ғой. Қайбір жылдары бокс қолбағын киіп алып та, тамаша туынды жасап шыққандығын жұртшылық ұмыта қоймаса керек. Ал Геннадий Головкиннің портретін Астанадағы ринг төрінде салып шыққанын көпшілік қауым біле бермес.

2021 жылы Димаштың суретін салып бастаған ол кейіннен Абай­дың, Батыр­хан Шүкеновтің, Жанар Доғалованың, Скриптониттің сурет­терін салды. Одан бөлек Эннио Морриконенің, Мессидің де портреттерін жасап шықты. Ал Джеки Чан, Дженнифер Лопестің бейнесін кілемге бедерлеп, оны өздеріне сыйлық ретінде сыйлап та үлгерді. Әрбір суретіне әсер беруге әуес Әселдің бұл күнде Алматы шаһарында жеке сурет студиясы бар. Онда ол соңынан ерген талантты шәкірттерін бейнелеу өнеріне баулу ісімен шындап айналысады.

Соңғы жаңалықтар