• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды

70 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында Марғұлан көшесіндегі  көпқабатты тұрғын үйдің бірінде зейнеткер әйел мен оның 36 жастағы ұлының мәйіті табылған. Қайғылы жағдай қазан айының басында болған. Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады,деп хабарлайды Egemen.kz.

Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған. Оқиға орнынан табылған өзін-өзі өлтіру туралы жазбада қанды оқиғаның себебі ретінде дәл осы жағдай аталған.

«Павлодар қалалық орталық полиция бөлімінің тергеушілері қала тұрғыны әйелдің өлімі және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Анықталғандай, күдікті қылмыс жасаған соң өзіне  қол жұмсаған.

Қазір аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.