• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 08:33

Макаронды табысқа айналдырды

20 рет
көрсетілді

Текелі тұрғыны Нина Тишкова табиғатқа деген махаббатын кәсіпке айналдыра білді. Кәсіпкер келіншек түрлі-түсті макарон өндіреді. Жай ғана макаронмен шектелмей, орман саңырауқұлақтарын да пайдаланады. Өнімдер экологиялық тазалығымен және ерекше дәмімен тұтынушылар көңілінен шықты.

Кәсіпкердің тағы бір жаңа­шылдығы – өз бақшасында өсірген көкөністерді пайдалануы. Сәбізден сарғыш реңкті, қызылшадан қанық қызыл түсті, қызанақтан ашық түсті макарондар жасайды. Мұндай табиғи қоспалар тағам сапасын арттырып қана қоймай, балалардың да тәбетін ашады. Бұл жерде ол ешқандай химиялық бояғыш немесе жасанды қоспа қолданбайды.

Нина ерекше өнімдерін тек Жетісу өңірінде емес, басқа аймақтарға да жеткізуді көздейді. Сол үшін өндірісті кеңейтіп, арнайы цех ашып, жаңа жұмыс орындарын құруды армандайды. Бұл жоспар жүзеге асса, ауылдағы әйелдерге, жастарға жаңа мүмкіндік берері анық. Тағы бір мақсаты – ұлттық дәмді сақтай отырып, заманауи тәсілмен ұсыну. Дәрігер-диетолог Айман Жұмабекқызының айтуынша, жабайы саңырауқұлақтардың адам денсаулығына тигізер пайдасы көп.

Нина Тишкованың еңбегі – ауыл кәсіпкерлігі мен эколо­гиялық өнім өндірісінің нақты мысалы. Қазір әлемде табиғи әрі экологиялық таза тағам­дар­ға сұраныс артып келе­ді. Бізде де бұл бағыттағы бастама­лардың қолдау тауып жатқаны қуантады. Оның үстіне, шағын кәсіп­орындар ел экономикасын әрта­рап­тандыруға ық­пал етеді. Ал жабайы саңырау­құлақтан бастап түрлі-түсті ма­каронға дейінгі өнімдер – сөз жоқ, Нина Тишкованың шығар­ма­шылық ізденісінің жемісі.

 

Жетісу облысы