• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Кеше

Полиглот ұландықтар тәртіпті қамтамасыз етеді

20 рет
көрсетілді

Бүгін кешке Алматыда жергілікті «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында аты аңызға айналған «Реал Мадридке» қарсы алаңға шығады. Бұл матчқа алыс-жақын шетелдерден де көп турист келгені белгілі. Осыған орай тәртіпті сақтауға көп тіл білетін ұландықтар тартылған.

Атап айтқанда, стадионның іші мен сыртындағы тыныштық пен қауіпсіздікті ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мыңнан астам әскери қызметшісі қамтамасыз етпек.

Соның бірі – қатардағы жауынгерлер Ержан Жарков пен Руслан Тілеуқабыл. Ұлттық ұлан қатарына Ақтаудан шақырылған Ержан Жарков қазақ, орыс, ағылшын, испан және француз тілдерін еркін меңгерген. Ол күн сайын Алматы көшелерінде патрульде жүріп, тұрғындарға да, туристерге де көмек көрсетеді.

Ал Қонаев қаласының тумасы Руслан Тілеуқабыл қазақ, орыс, ағылшын, неміс және жапон тілдерінде еркін сөйлей алатын полиглот. Оның шетелдіктермен тез тіл табысу қабілеті әсіресе ірі халықаралық іс-шаралар кезінде бағалы.

Қызмет барысында екеуі де тәртіпті әрі жауапты ұландық сарбаз ретінде өзін көрсете білді. Олардың көп тілде сөйлей алатындығы шетел азаматтарының сенімін арттырып, қызметтің тиімділігін күшейтеді.

– Футбол – әлем халқын біріктіретін спорт. Біздің міндетіміз — жанкүйерлердің тек ойынға ғана алаңдап, өздерін қауіпсіз әрі еркін сезінуіне жағдай жасау, – дейді Р.Тілеуқабыл.