Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңірдің көркін келтіріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастама қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беріп отыр.
Биыл 2 орталық алаң жаңартылып, ескерткіштердің 97%-ы қалпына келтірілген. Балалардың ойын, спорт алаңдарын жөндеу көрсеткіші – 95%, саябақтарды абаттандыру – 84%, көпқабатты үйлердің шатырларын жөндеу – 76%, аллеяларды абаттандыру 66% деңгейінде орындалды.
Жалпы, жыл соңына дейін облыс аумағында 21 саябақ, 6 аллея, 2 гүлзар, 49 аула, 81 балалар мен спорт алаңы абаттандырылуға тиіс. Қазірде олардың басым бөлігінде құрылыс жұмысы аяқталды. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің 59 шатыры, 13 қасбеті жаңартылды. 70 ескерткіш қайта қалпына келтіріліп, 7,9 шақырым арық жүйесі реттелді. 152 шақырым көше жолдарына заманауи жарық шамдары орнатылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 151 мыңнан астам адам қатысқан сенбіліктер ұйымдастырылып, 11 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін 120 мың түп ағаш отырғызылады, оның 56 мыңы көктемде, қалған бөлігі осы күзде егіледі», деді облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев.
Жергілікті бақылау қызметі мен «Ғарыш сапары» спутниктік порталының дерегінше, облыс аумағында 618 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 93%-ы жойылып, қалған орындарда жұмыс жалғасып жатыр.
Тазалық пен тәртіпті ынталандыру мақсатында облыста «Үлгілі елді мекен», «Таза аудан орталығы», «Таза ауыл», «Таза аула» байқаулары өткізіледі. Бұл бастамалар ауыл мен қаланың ажарын аша түсуге серпін береді. Мәселен, Панфилов ауданының Талды ауылы «Үлгілі ауыл» республикалық байқауына ұсынылса, Сарқан ауданындағы «Қойтас» саябағы гүлзарлар арасындағы республикалық сынға жолдама алды.
«Полиция департаменті тазалық рейдтерін жалғастыра береді. Сондай-ақ құрылыс, жөндеу жұмысы жүріп жатқан нысандардың айналасын ретке келтіру, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту, орман, саябақ қорларын күтіп-баптау, жасыл желектерді цифрландыру күн тәртібінен түспейді», дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев.
Осынау игі істердің барлығы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың