• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:00

Фастфуд миға зиян

20 рет
көрсетілді

Фастфуд санаулы күн ішінде ми қызметін нашарлатады. АҚШ-та жүргізілген зерттеулер фастфудтың адамның есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесіне кері әсер ететінін көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, жоғары калориялы, майы мен қант мөлшері көп тағамдарды тұтыну ми қызметінің әлсіреуіне алып келеді. Ең алаңдататыны – мұндай өзгеріс санаулы күннің ішінде-ақ байқалуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі бойын­ша мәселе зиянды тағамның құрамында ғана емес, оған мидың қалай әрекет ететініне де байланысты. Сонымен қатар фастфуд бұлшық ет пен жүйке жүйесінің байланысы бұзылып, когнитивті функциялардың әлсіреуіне әкеледі. Мамандардың пікірінше, фастфудты үнемі тұтыну адам­ның жалпы денсаулығына ғана емес, психикалық күйіне де теріс әсер етеді.