• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:08

Масасы жоқ мемлекет

50 рет
көрсетілді

Жаз шықса, баршамызды мазалайтын жәндіктің бірі – маса. Кім-кімнің де ойына «осы тіршілік иесі жоқ ел бар ма екен?» деген сауал келуі мүмкін. Сөйтсек, дүниеде ондай жер бар екен.

Бұл мемлекет – Исландия. Онда масаның бірде-бір түрі кездеспейді. Қызығы, оған жақын орналасқан Норвегияда да, Шотландия мен Ирлан­дияда да, тіпті Гренландияда да маса бар. Ғалымдар нақты себебін таппағаны­мен, табиғи жағдайға байланысты болуы ықтимал деген тұжырым айтады. Яғни Исландияның құбылмалы климатына нәзік жәндіктер бейімделе алмайды екен.