• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:00

Бүгін ауа райы қандай болады

40 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндіз Ақтөбе мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ұлытау және Жетісу облыстарында ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында сынап бағаны 38 градусқа жетсе, Қызылорда облысында аптап ыстық 40 градусқа дейін барады.

Астанада күн ала бұлтты болады. Күндізгі температура +30…+32°C аралығында, түнде желдің екпіні 2-7 м/с, ал күндіз 7-12 м/с шамасында соғады.

Алматыда да күн ала бұлтты. Күндізгі ауа температурасы +31…+33°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында.

Шымкентте күн ашық болып, ауа температурасы +35…+37°C дейін ыстық болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді.