Калифорниялық «Civ Robotics» компаниясы «CivDot» атты автономды геодезиялық роботтар жасап шықты. Бұл шағын, бірақ қуатты құрылғы бір күнде 3 мыңға дейін нүктені белгілей алады.
Робот қарапайым геодезистер бригадасына қарағанда сегіз есе жылдам жұмыс істейді. Мұндай дәлдік пен қарқын құрылыс компанияларына уақыт пен қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Тағы бір қызығы, бұл роботтарды басқаруға геодезист болудың қажеті жоқ. Тәжірибесі жоқ адам да оңай меңгеріп, нәтижесін көре алады.