• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:38

Корея әскер жинай алмай әлек

40 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, елдің қарулы күштерінде бүгінде шамамен 450 мың әскери қызметші бар. Бұл – алты жыл бұрынғы көрсеткіштен 20%-ға аз. Құжатты жексенбі күні билеуші партия депутаты жариялаған. Билік өкілдері мұндай құлдыраудың басты себебін елдегі туу деңгейінің күрт төмендеуімен байланыстырады. Қазір Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші – бір әйелге 0,75 сәби. Бұл – әлемдегі ең төмен деңгей, деп жазады Egemen.kz.

 Сеул әскери міндетті сақтап отыр, өйткені ел әлі күнге дейін ядролық қаруы бар көршісі – Солтүстік Кореямен техникалық тұрғыда соғыс жағдайында саналады.

Биыл шілдеде оңтүстіккореялық зерттеушілер жариялаған ғылыми зерттеуде, Солтүстік Кореядан төнетін қауіпке төтеп беру үшін Оңтүстік Корея кемінде 500 мың сарбаз ұстауы қажет екені айтылған. Пхеньянның қазіргі таңда 1,3 миллионға жуық белсенді әскери күші бар деп бағаланады.

Айта кетейік, елде барлық ер азаматтар 18 ай әскери борышын өтеуге міндетті. Ерекше жағдайларда ғана босату немесе кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі.

Алайда бұл міндет елдегі көптеген жас жігіттердің көңілінен шықпай отыр. Сыншылардың пікірінше, жүйе олардың мансап жолын үзіп, өмірлік жоспарларына кедергі келтіреді. Соңғы жылдары бұл мәселе гендерлік теңдік тақырыбындағы пікірталастармен тығыз байланыстырыла бастады.