• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 12:30

Қазақстан - Өзбекстан бәсекесінде еліміздің боксшысы басым болды

40 рет
көрсетілді

Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Ерлер арасында финалға шыққан 5 боксшымыз Өзбекстан спортшыларына қарсы құрлық алтынын сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.

60 келіде ел құрамасы сапынан шаршы алаңға шыққан Нұрислам Қалдыбаев Азия чемпионы атанды. Ол тартысқа толы бәсекеде Шохрух Абдумаликовты 3:2 есебімен жеңді.

Нұрислам Қалдыбаев бірінші раундта  есе жібергенмен, шешуші кезеңдерде нәтижелі соққыларымен жеңісті жұлып алды. 

Қазір Бангкок шаршы алаңында 65 келіде Илья Калинин - Саят Ильясовпен (Өзбекстан) қолғап түйістіріп жатыр. 

Бұдан бөлек 3 боксшымыз өзбекстандық спортшыларға қарсылас атанған.

Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал - Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)Ерлер. 80 келі. Санжарәли Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)Ерлер. 90 келі. Темірлан Мұкатаев - Шахзод Полвонов (Өзбекстан).