• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2025

Қызылордада дүкеннен алтын ұрлаған 49 жастағы әйел ұсталды

40 рет
көрсетілді

Оқиға Қызылорда қаласындағы сауда үйлерінің бірінде болған. Зергерлік дүкенге кіріп, бірнеше сақинаны көрсетуін сұраған күдікті сатушының көзін ала бере алтын бұйымдарды ұрлап  алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде оның қала аумағында жасалған тағы үш ұрлыққа қатысы бары анықталды.

Қазіргі уақытта қамауға алынған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.