Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласынан бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу туралы шешіміне қолдау білдірді. Сүлеймен Тирьякиоғлы аталған жоба еліміздің қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететінін айтты. Кездесуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үшін логистиканы тиімді ұйымдастыру, қойма инфрақұрылымын цифрландыру және элеваторларды жаңғырту мәселелері қаралды. Tiryaki Holding дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.