17-ге дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аталған турнирде ел құрамасынан екі спортшы – Нұрдәулет Құмарұлы (48 келі) және Асқар Нұрәли (55 келі) финалға дейін жетті.
Грекияның Афины қаласында осы айдың 27-сі басталған жаһандық жарыс 31 шілдеде аяқталады.