«Neuralink» жыл сайын 20 000 адамға ми имплантын орнатпақ. Сондай-ақ компания 2031 жылға дейін табысын 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазірдің өзінде бұл құрылғы сал ауруына шалдыққан науқастарға ой күшімен техниканы басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Ал компания алдағы жылдары көру, сөйлеу қабілетін қалпына келтіретін және жүйке ауруларын емдейтін жаңа импланттарды іске қоспақшы.