Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы маусым айында халықтың шетел валюталарын сатып алу көлемі айтарлықтай төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, қазақстандықтар долларды 109,4 млрд теңгеге сатып алған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 32,2%-ға (немесе 52,1 млрд теңгеге) аз. Мамырда бұл көрсеткіш 161,5 млрд теңге болған.
Еуроға деген сұраныс одан да қатты құлдырады, 12 есе қысқарып, 13,8 млрд теңгеден 1,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Долларға негізгі сұраныс Алматы мен Шымкент қалаларында тіркелсе, рубль бойынша кері үрдіс байқалды: маусым айында айырбастау орындары халықтан 40,5 млрд теңгеге рубль сатып алған. Бұл соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде Алматы тұрғындары 35,7 млрд теңгенің рублін өткізген.
Ұлттық банк мәліметінше, мұндай динамика 2024 жылдың желтоқсанынан бері жалғасып келеді.
Еске салайық, 2025 жылғы 25 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 545,07 теңгені құрады.