АСТАНА. 19 наурыз. Ішкі істер министрі Құлмұханбет Қасымовтың бұйрығымен көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ержан Сәденовті Көліктегі ІІД-нің жеке құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Ганұлы Демеуов таныстырды.
Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде басшылық қызметте істеген. Сондай-ақ Маңғысау облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Кейінгі жылдары ІІМ аппаратында қызмет еткен.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».