• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 15:03

БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

20 рет
көрсетілді

ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Мирас Рүстемұлының білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Мирас Мүлкәйға алдағы жауапты қызметінде табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бірқатар маңызды міндеттерді атап өтіп, жаңа орынбасардың осы бағыттарда жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Ол әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының бас маманы, сектор меңгерушісі, Орал қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы, Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінде болды.

Мирас Мүлкәй құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы, абаттандыру мәселелеріне жетекшілік етеді.