2026 жылдың көктемі Apple жанкүйерлері үшін қызық болғалы тұр. Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, компания келесі жылы бірнеше жаңа өнімін қатар ұсынбақ. Оның ішінде жаңартылған MacBook, iPad әрі көпшілік күтіп жүрген арзан iPhone 17е бар, деп жазады Egemen.kz.
iPhone 17e – бұған дейін танымал болған iPhone 16e моделінің жаңартылған түрі. Бағасы қолжетімді, бірақ ішкі мүмкіндігі қуатты. Жаңа смартфонға A19 процессоры орнатылады деген болжам бар. Сарапшылар мұны алдыңғы үлгілерге қарағанда әлдеқайда өнімді чип деп бағалап отыр.
Айта кетейік, iPhone 16e 2025 жылдың ақпанында сатылымға шыққан болатын. Бағасы шамамен 599 доллар болған. Жаңа модель де осы диапазонда болмақ.
Сондай-ақ 2026 жылы Apple жаңартылған MacBook Air және Pro модельдерін ұсынбақ. Бұған дейін олар 2025 жылы шығарылады делінген еді, бірақ корпорация бұл жоспарды кейінге шегерген.
Bloomberg жазуынша, кейінгі жылдары Apple өнімдеріне деген сұраныс баяулаған. Бұл әсіресе пандемиядан кейін байқалды – сол кезде компанияның сатылымы рекордтық деңгейге жеткен болатын. Енді Apple жаңашыл дизайн мен қуатты темірге емес, қолжетімділікке назар аудара бастады.