• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

4–10 шілде күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде ауыр атлети­кадан жасөспірімдер (U-17) мен жастар (U-20) арасындағы Азия бірін­шілігінің жалауы желбірейді. Оған сары құрлықтың 30-ға жуық мемлекетінің 450-ден аса зілтеміршісі қатысады.

Италияда өткен «Джиро делл’Апеннино» додасы «Астана» клубы­ның вело­шабандозы Диего Улиссидің жеңісімен аяқталды. Нови Лигуре мен Дженоа аралығын қамтыған 198,5 шақырымдық қашықтықты ол 5 сағат 03 минут 35 секундта жүріп өтті. Екінші орынды украиналық Андрей Пономарь («Petrolike») иеленсе, «Астананың» тағы бір мүшесі Симоне Веласко үшінші сатыға табан тіреді. Польша астанасы Вар­шава­да­ «Konopacka Warsaw Classic» халық­аралық турнирі мәреге жетті. Жарыста 185 сантиметрлік биікті бағындырған Кристина Овчинникова күміс медаль иеленді. Жерлесіміз украиналық Юлия Левченкодан (192 см) қалып қойды. Үшінші орынды польшалық Алисия Высоцка (185 см) иеленді. Минскіде байдарка мен каноэ есуден «Үздіктер турнирі» аяқталды. Бай­дарка-екіліктің 500 метрлік бәсекесінде Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева қола медаль еншіледі. «Уимблдон» қарсаңында біраз тынығып алуды жөн көрген Александр Бублик Истборндегі АТР 250 турниріне қатысудан бас тартты. Еліміздің ең үздік теннисшісін бұл жарыста америкалық Дженсон Бруксби алмастырды. Юлия Путинцева Германияның Бад-Хомбург қаласындағы WTA 500 додасының ал­ғашқы айналымында грекиялық Мария Саккариге есе жіберді. UFC-дің басты жұлдызы, аса ауыр салмақтағы чемпион, америкалық Джон Джонс мансабын аяқтағаннан кейін ұйым P4P рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Мықтылар көшін әлі де ресейлік файтер Ислам Махачев бастап тұр. Одан кейінгі сатыларға Мераб Двалишвили, Илья Топурия, Дрикус Дю Плесси, Магомед Анкалаев, Александр Волкановски, Джек Делла Маддалена, Том Аспиналл, Алешандре Пантожа, Алекс Перейра жайғасты. Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша ТОП-10-дықта қазақтың екі саңлағы бар. Олар – Шавқат Рахмонов (3-орын) пен Асу Алмабаев (8-орын). 17–19 қазан аралығында шайбалы хоккейден Құрлықтық кубоктің жалауы желбірейді. Алғашқы кезеңде Латвияның «Мого», Мажарстанның «Бу­дапешт», Румынияның «Георгени», Украинаның «Кременчуг», Литва­ның «Хоккей Панкс», Хорватияның «Сисак», Сербияның «Црвена Звезда», Эсто­нияның «Нарва» клубтары күш сынасады. Олар екі топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпазы екінші кезеңге жолдама алады. Қараша айында шымылдығы түрілетін жарыс­та оларды Польша­ның «Катовице», Ұлыбритания­ның «Ноттингем Пантерз», Данияның «Хернинг Блю Фокс», Францияның «Анже Дакс», Италияның «Кортина», Өскеменнің «Торпедо» командалары күтіп тұр. Финалдық ойындар үздік төрт команданың қатысуымен келесі жылдың 15–18 қаңтар аралығында өтеді. 
Соңғы жаңалықтар