• RUB:
    6.61
  • USD:
    518.5
  • EUR:
    601.62
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Әбиба үздіктер қатарында

20 рет
көрсетілді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг тізімін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте өрлеп 2-орынға көтерілді. Оның еншісінде 5662 ұпай бар.

Әлемдік рейтингте 5962 ұпаймен италиялық Ассунта Скутта көш бастап тұр. Ал үздік үштікті франциялық Букли Ширин түйіндеген.

Сондай-ақ 48 келі салмақ дәрежесінде белдесетін тағы бір жерлесіміз Ғалия Тынбаева екі сатыға төмендеп, 19-орынға сырғыды.

Мажарстанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз жүлдемен шектелді. Ел қоржынына жалғыз медальді жарыстың алғашқы күнінде Әбиба Әбужақынова салды. Әбиба дзюдо тарихында қазақ қыздары арасынан тұңғыш болып әлем чемпионатының финалына шыққан спортшы атанды.

Ұлан Сарқытбек,

Еуразия ұлттық университетінің

2-курс студенті