• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Сыр өңіріне халықаралық туристік экспедиция келді

40 рет
көрсетілді

Маусым айында Мәскеуден бастау алған «Еуразия жүрегіне саяхат – 2025» бірегей туристік танымдық экспедициясы Қызылорда облысына келіп жетті. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері өкілдерінің басын қосқан танымдық экспедиция мақсаты – Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы іскерлік, гуманитарлық және ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туристердің Сырдағы сапары Арал қаласынан басталды. Экспедиция мүшелері аудан орталығындағы «Балықшылар аллеясын» тамашалап, Арал теңізі туралы құнды деректермен танысты. Одан кейін XIX ғасырдағы орыс сәулет өнері үлгісінде салынған «Балықшылар музейіне» барды. Бұл музейде «Балықшылар», «Кемелер» залы және ашық аспан астындағы музей көрмесі ұйымдастырылған.  

Экспедиция Шижаға елді мекеніндегі құмды төбелер мен өңірдегі бірегей демалыс аймағы саналатын Қамбаш көлінде жалғасты.

Алда олар  Байқоңыр қаласын аралап, Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені мен Қызылорда қаласындағы бірнеше мәдени-спорттық нысандарда болады.