Израиль билігі елден шығуға ниетті азаматтар үшін эвакуациялық рейстерді ұйымдастыруды бастады. Бұл туралы елдің Көлік министрі Мири Регев ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап 24 арнайы рейс орындалады. Әр ұшаққа 50 адамнан артық отырғызуға рұқсат жоқ. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, тәулігіне тек 1200 адам елден шыға алады.
«Қазіргі жағдайда азаматтарымыздың елден қауіпсіз кетуіне бар жағдайды жасаймыз. Рейстер санын көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз», деді Мири Регев.
Айта кетейік, Израильде соңғы уақытта қауіпсіздік ахуалына қатысты алаңдаушылық артқан. Осыған байланысты елден кетуге ниетті азаматтар саны күн сайын өсіп отыр.