Жазира Оразқызы – шағын кәсіптің иесі. Кәсіпкерлік жолын көрпе-жастық тігіп бастаған ол бүгінде тігін өндірісінің көрігін қыздырып отыр.
Қызметкерлер – басты құндылығы
– Бұл кәсіпке деген қызығушылығым осыдан 15 жыл бұрын Қытайға сапар барысында басталды. Ерекше қолөнер бұйымдарын егде жастағы ер адамның тігіп отырғанын көргенімде, таңданысымда шек болмады. Елге келе салысымен жаңа кәсіпке кірісіп кеттім, – дейді.
Кезінде бір ғана тігін машинасымен басталған кәсіпорында бүгінде 10-нан астам машина жұмыс істеп тұр. Цехта 8 адам еңбек етеді. Арнайы киімдерге тапсырыс алатын кәсіпорын өнімдеріне сұраныс қаладағы мемлекеттік, жекеменшік аурухана мен емханалардан, дәмхана мен мейрамханалардан түседі. Кәсіпорындағы жұмыстың жандануы әсіресе, маусымдық тапсырыстармен тығыз байланысты. Кәсіпкердің айтуынша, әр маусым жаңа мүмкіндікке жол ашады. Сондай кезеңдердің бірінде 20 күннің ішінде 4 мың көрпе тігіп, рекордтық тапсырыс орындаған кездер де болыпты. Уақыт өте келе сауда нүктесін ашып, тұрақты клиенттер базасын қалыптастырған кәсіпкер бүгінде шағын кәсіптің нәсібін көріп отыр.
Қызметкерлері арнайы салынған тегін баспаналарда тұрады. Коммуналдық шығындарды да кәсіпкер өз жауапкершілігіне алған. Еркін жұмыс кестесі, лайықты жалақы, адамгершілік қарым-қатынас – бұл ұжымның негізгі қағидаттары. Әлеуметтік жағдай жасалса, жұмыскердің ынтасы да артады, тиянақты жұмыс істеуге барынша тырысады. Осы кәсіпорында 8 жылдай жұмыс істеп, соның арқасында жер алып, үй салған мамандар да баршылық. Көршілерін де тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер олардың уақытын үнемдеуіне, отбасына уақтылы көңіл бөлуіне жағдай қарастырған.
KMF – сенімді серіктес
Жазира Оразқызы KMF компаниясымен 2010 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Өз кәсібін дамыту үшін осы компаниядан алғаш рет несие рәсімдеп, Бішкектен қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Жақында KMF-тің «Іскер ханым» бағдарламасы арқылы тағы да несие алып, өндірісті кеңейтіп, жаңа кәсіпкерлік бастамаларын дамытуды көздеп отыр.
– Кәсіп жүргізу үшін қомақты қаражат керек. Сол қаражатты 15 жылдан бергі аралықта KMF-тен алып келемін. Жақында «Іскер ханым» бағдарламасы арқылы несие алдым. Компанияның қолдауының арқасында маған және отбасы мүшелеріме білікті дәрігерлерден тегін кеңес алуға, бизнесті дамытуға, жетілдіруге қажетті курстар, тренингтерге қатысу мүмкіндігі берілді. Несиені өтеуде жеңілдік мерзімі қарастырылған. Білім арттыруға, кәсібімізді дамытуға қолдау көрсетіп жатқан KMF компаниясына алғыстан басқа айтарым жоқ. KMF маған және қызметкерлеріме көмек көрсетіп, ортақ ісіміздің алға басуына ықпал етіп келеді, – дейді кәсіпкер.
KMF – отандық нарықта 27 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы ұйымы. Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыратын KMF-тің еліміз бойынша 17 филиалы және 122 бөлімшесі бар. Клиенттердің басым бөлігін әйелдер құрайды. Компания құрылғалы бері 465 мыңнан аса әйелге несие беріліп, кейінгі бір жылда кәсібін дамытуға 76 мыңнан аса әйел несие алған.
Жазира ханым кәсіпкерліктің отбасына да, айналадағы жандарға да көмегі көп екенін айтады. Кәсібінің арқасында бала оқытып, әлеуметтік жағдайын жақсартты. Шетелдерге сапарға шығып, демалуға да уақыт тауып жүрген іскер әйел еңбек бар жерде береке бар дейді. Ең бастысы – өз ісіңді жақсы көріп, бағалай білу.
Жазира Оразқызының кәсіпкерлік жолы – еңбек пен тұрақты дамудың жарқын үлгісі. Ол тек бизнес жүргізіп қана қоймай, айналасына да игілікті ісімен ықпал етіп отыр. Іскер әйелдің тәжірибесі өз ісін бастауға ниетті жандар үшін ерекше шабыт береді.
АЛМАТЫ