30 маусым-6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе- жек сарайында бокстан Әлем кубогінің кезеңі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан бокс федерациясы, Қазақстанға келуге ниет білдірген командалар саны 33-ке жеткенін хабарлады.
Фото-анықтамадан көріп отырғанымыздай Әлем кубогіне бокс айқын дамыған бірқатар ел өкілдері келеді. Демек, шаршы алаңда бәсекелестік жоғары, жекпе-жектер тартысты болады. Сайысты келушілер тегін тамашалай алады.