• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Тағзым 13 Мамыр, 2025

Халық қаһарманы атындағы көше

30 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше берілді. Жетісудан шыққан майдангерлер туралы кітап та жарыққа шықты.

Бүгінде облыста ұлы майданды көрген көзі тірі екі ақсақал ғана қалды. Әйтсе де бұл топырақтан мың­нан аса сарбаз аттанған еді. Олар­дың жар­ты­сына жуығы ғана елге оралған. Со­­лардың өнегелі жолын қазір ұр­пақ­тары жаңғыртып отыр. Мәселен, салтанатты жиынға келген батырдың немересі Айжан Нұрмағамбетова ата­сының жүріп өткен жолын баяндап, көпшіліктің көңілін толқытты.

«Біздің атамыз бүкіл саналы ғұ­мырын әскери салаға арнады. Бұл – жас ұрпақ жалғастыруға тұратын, жалғастыруға тиіс өнегелі жол. Ол үшін «парыз», «міндет» деген сөздердің ма­ңызы ерекше еді. Сондықтан болар, оның жалғыз ұлы алғашқылардың бірі болып Чернобыль апатының зардабын жоюға аттанды. Қазір еліміздің барлық қа­ласында Сағадат Нұрмағанбетовтің есі­мімен аталатын көшелер бар», деді ол. 

Көше атауын беру туралы баста­маны Талдықорған қалалық Қарулы күштер ардагерлер кеңесінің өкіл­дері көтерген болатын. Бұл бастама тиісті ономастикалық комиссия та­рапынан қолдау тапты. Атап өт­сек, облыс орталығының «Шығыс» ша­ғын ауданында орналасқан, бұрын атауы болмаған көшенің ұзындығы – 1,7 шақырым. Облыс әкімі бас­пасөз қызметінің мә­ліметінше, Талды­қор­ғанда Халық қа­һарманы атағына ие адамға беріліп отырған алғашқы көше саналады.

«Іс-шара – соғы­с ар­дагерлеріне, тыл еңбеккер­леріне, бейбіт өмір сый­лаған барша аға буынға халықтың көрсеткен үлкен құрметі деп білемін. Сағадат Қожах­метұлы – ержүрек жауынгер ғана емес, Қазақстан Қарулы күштерінің тізгінін ұстаған мемлекет қайраткері. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында армияның негізін қа­лауға бар күш-жігерін жұмсап, өл­шеусіз үлес қосты. Осындай біртуар тұлғаның әскери мұ­расын зерделеу, өнегелі өмірін ұрпаққа насихаттау – біздің ортақ парызымыз», деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

 

Жетісу облысы