Майдан даласынан оралмаған боздақтар елде қалған балаларының мәңгілік сағынышына айналды. Ал қан майданнан аман келген жауынгерлер елдің еңсесін тіктеуге белсене араласты. Соғыста шыңдалған қайсар мінез бен еңбекке деген шынайы ықылас олардың әрбір ісінен көрініс тапты. Олар ұрпақ өсірді, балаларына отансүйгіштік пен адалдық үлгісін көрсетті. Тіршіліктің қай саласында болсын – егін басында да, білім ордаларында да, өндіріс ошақтарында да майдангерлердің табанды еңбегі елдің дамуына серпін берді.
Қазіргі ұрпақ асқақ, адал еңбекті ту еткен сол қаһарман аталарға қарыздар. Бүгінгі нөмірімізде біз сондай тағылымға толы тағдырлар, майдангер әкелер мен олардың өмір жолын жалғаған ұрпақ жөнінде сыр шертеміз.