• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2025

Ұлысты ұйыстырар ұйым

110 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірлік пен теңдіктің, тұрақ­тылық пен тыныштықтың рәмізіне айналды деп баға берген Қазақстан халқы Ассамблеясы отыз жылдық толайым тарихты еңсеріп, жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер кезеңіне жол тартты.

Ортақ мүдде мен көзқарас, татулық пен толеранттылық жолында ұзақ жылғы жинақталған тәжірибе мен жанқиярлық еңбек болашақта да алға қойған мақсаттарға жеткізеріне сенім мол. Президент айтқандай, бұл жолда күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақмерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізіп жатқан ҚХА мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылады. Олардың бірқатарын Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында арнайы марапаттағаны белгілі.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, ұлысты ұйыстырар этнос­аралық көпір міндетін атқарып келе жатқан Қазақстан халқы Ассам­блеясының ілкімді істеріне қатысты айтылып жатқан ізгі тілек көп.