• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2025

Көліктік қызмет сапасы жүйелі бақыланады

70 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Дархан Жазықбайдың төрағалығымен Сервистік мемлекеттік аппа­ратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі консультативтік-сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті.

Топ отырысына Көлік прокура­тура­­сының, Көлік, Ішкі істер министр­­ліктерінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясының лауазымды тұлғалары қатысты.

Отырыста халықаралық автокөлік тасымалдары және көлік құралдарын тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты мәселелер қаралды. Агенттіктің осы салада жүргізген бақылау іс-шаралары нәтижесінде мерзімдердің сақталмауы, артық құжаттардың талап етілуі, негізсіз бас тартулар және қызмет көрсету тәртібінің бұзылуына қатысты 1 800-ден аса бұзушылық анықталды.

Талқылау барысында өтінімдерді қарау мерзімдерінің кешігуіне, тасымалдаушылар жұмысының қиын­дауына себеп болып отырған ақ­параттық жүйелердегі жиі техни­калық ақаулар, уәкілетті органдар мен сала өкілдері арасындағы іс-қимылдардың жеткіліксіз ашықтығы және үйлесімсіздігі сынды жүйелі мәселелерге ерекше назар ауда­рылды.

Отырыс қорытындысында ақпарат­тық жүйелердің тұрақты жұ­мы­сын қамтамасыз ету және оларды интеграциялау бойынша нақты ұсы­ныс­тар айтылды.

Агенттік мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау және қызмет алушылардың құқын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.