• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2025

Баянауылда жантүршігерлік жол апаты 4 адамның өмірін жалмады

0 рет
көрсетілді

Апат салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы, оның ішінде жас бала сол жерде көз жұмған,-деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- 9 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында «Қалқаман-Керней» автожолының 250-ші шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Апат салдарынан екі жүргізуші, екі жолаушы, оның ішінде жас бала да сол жерде қаза болды. Әртүрлі жарақаттары бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді,-деп мәлімдеді департаменттен.. 

Аталған деерк бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Павлодар облысы