• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Жоба 09 Сәуір, 2025

«Smart Plastic Zone» жобасы таныстырылды

74 рет
көрсетілді

Қазақстанның орнықты дамуы мен айналмалы экономикасының өрістеуіне серпін берер тың жоба бастау алды. Елордада «Smart Plastic Zone» жобасының таныстырылымы өтті.

Елімізде  пластик өнімдерімен жұмыс істеуді ілгерілетіп, қолдау бағытында «Smart Plastic Zone» жаңа жобасы іске қосылды. «GPI-Lab» ЖШС және GreenUrban қауымдастығы жүзеге асыратын жобаның мақсаты –  пластикпен жұмыс істеудің тұрақты әдістеріне көшіп, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік (ESG) қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын ұғындыру. Яғни жобаға қатысушы компания немесе әр адам пластик қалдықтарын азайтуға үлесін қосып, экологиялық таза болашақты қолдауға септігін тигізеді.

Жобаға қатысушылар екі номинация бойынша атқарған жұмыстарын ұсына алады. Мәселен Smart Plastic Zone (Silver) номинациясы пластикті тұрақты пайдалануға қадам жасағандар арасындағы үздіктерге беріледі. Ал Smart Plastic Zone (Gold) аталымында өз қызметінде экологиялық тәжірибені белсенді қолдап жүзеге асырып келе жатқан  көшбасшылар марапатталады.

Үміткерлер атқарған жұмыстарының қорытындысын GPI.KZ сайты арқылы жолдап, іріктеуден өткендерге «Smart Plastic Zone» белгісі беріледі. Бұл ең жауапты және экологияға зиян келтірмейтін  таза бизнестің озық үлгісі  саналады.

Пилоттық жоба биыл  Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жүзеге асты. Сынақ кезеңі сәтті аяқталған соң еліміздің барлық өңірін қамтымақ. Бұл жоба пластикалық қалдықтарды азайтып, елдің болашағы үшін маңызды экологиялық стандарттарды сақтауға серпін бермек. Іс-шара қорытындысында қанатқақты жобаға үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.