• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Ақпан, 2025

Су тасқынынан қорғау шараларын тексерді

66 рет
көрсетілді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылында, Целиноград ауданындағы Тайтөбе, Талапкер ауылдарында және Ақмола облысының Қосшы қаласында болды.

Жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев облыс әкімі Марат Ахметжановпен бірге Есіл және Нұра өзендерінің сағасындағы бөгеттердің, су өткізу құрылыстарының, су тораптарының жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Астана контр реттеуіші мен елорда іргесіндегі Жібек Жолы ауылымен арадағы ұзындығы 6,5 шақырымға созылған тоспа бөгеттің құрылысын қадағалады.

Вице-премьер Қосшы қала­сының маңындағы Тайтөбе ауылындағы тасқыннан қорғаныс үшін тұрғызылған үйіндінің беріктігін тексерді. Іс жүзінде ауылда 7 мың адам тұрады. Мұндағы топырақ үйіндісі елді мекенді даланың еріген суынан қорғау қызметін атқарады.

Сонымен қатар Қанат Бозым­баев Нұра-Есіл өзендеріндегі Преображен су торабының жай-күйімен және Талапкер ауылы арқылы өтетін су бұру каналының жағалауларын көтеру жұмыстарымен танысты.

Ақмола облысында бар­лығы 144 су тасқыны қаупі бар елді мекен бар. Әкімдіктің мәліметінше, алдын алу шаралары толығымен аяқталды.

Осылайша, Целиноград ауданында Есіл және Нұра өзендерінің қауіпті учаскелерінде жағалауды бекіту және арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзені­нің бассейні бойынша түбін тереңдету шаралары атқарылды.

Облыс басшылығы бүгін­гі таңда өңірде 107,4 шақы­рым су бұру каналдары жабдық­тал­ға­нын, 38 шақырым өзен арналары тазартылғанын, ұзын­дығы 35 шақырымнан асатын өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде жағалауды бекіту және түбін тереңдету жүр­гі­зілгенін баян­дады. 131 шақы­рым бөгет нығай­тыл­ды, 21 ша­қырымнан астам жаңадан үйін­ділер тұрғызылды және 336 су өткізу құрылыстары жабдықталды.

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарының қорытындысы бо­йынша су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін қажетті техника мен жеке құрамды дайындауды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар