Сонау 70-жылдардың ортасында қолымызға «Тіршілік» атты кітап түсті. Жинақтағы «Сүйекші», «Тіршілік» атты әңгіме, хикаятты оқып, әдебиетімізге оқыс кейіпкерлерімен Исабеков әлемі келгенін көрдік.
Сол «Тіршіліктен» бастап осынау тұнба талант не жазса да қалт жібермей оқитын болдық. Өйткені қара сөздің шын шебері еді бұл талант. Шебері болғанда да сөз киесін нәзік сезінетін тума прозашы еді. Қара сөздің қадірін кетірмеді. Аялай білді. Мінеки, сондықтан да оқырман оны аялады. Бүгінде арамыздан өзі кетті. Бірақ сөзі кеткен жоқ. Қазақ тілі тірі тұрғанда Дулат Исабековтей классиктің сөзі мәңгі тұрары хақ.
Смағұл ЕЛУБАЙ,
Қазақстанның халық жазушысы