• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2025

Керек дерек

80 рет
көрсетілді

Шетелге шығуды жоспарлаған әрбір азамат сапарының еш кедергісіз болуын қалайды. Алайда төленбеген қарыз, салық, алимент кесірінен шекарадан өтуге шектеу қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін азаматтар «eGov.kz» порталы немесе «eGov Mobile» қосымшасы арқылы шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексере алады.

Егер қарыз сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен асса немесе үш айдан астам алимент төленбесе, соттың шешімімен шетелге шығуға тыйым салынады. Ал шектеу бар-жоғын тексеру үшін «eGov.kz» порталында азаматтарға арналған бөлімнен шетелге шығу бөлімін таңдап, борышкерлер тізімін тексеру қызметін пайдаланып, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, сұрау жіберу қажет. Сондай-ақ «eGov Mobile» қосымшасында қызметтер бөлімінен саяхат және шетелдегі өмір бөлімін ашып, борышкерлер тізімін тексеру қызметін таңдап, ЖСН енгізіп тексеріп көруге болады. Шектеу қойылған болса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі оны тіркеп, сізді кері қайтарады. Сонымен қатар шектеуді Атқарушылық іс жүргізу органдарының ақпараттық жүйесі арқылы да тексеруге болады. Қызмет тегін көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар