• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Ақпан, 2025

Күн тәртібі нақтыланды

160 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауы­на Кипр Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы келісімді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісім және ұйымның бюджетін қалыптастыру мен атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылады.

Екінші оқылымда депутаттар денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойын­ша заң жобасын қарайды. Заң жо­басымен жұмыс барысын­да депутаттар жекелеген нормаларды пысықтады. Атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған және мүгедектігі жоқ адамдарды жергілікті бюджеттер есебінен есту протезімен қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізбе­сіне онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар бас бостан­дығынан айыруға немесе шартты түрде бас бостандығынан айыру­­ға байланысты емес жазаға соттал­ғ­ан адамдардың құмар ойын­дарға қатысуына тыйым салуға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ спорттық іс-шара­ларды өткізу кезінде спорт ғи­марат­тарының ішінде орналас­қан жар­на­маны қоспағанда, ғима­рат­­тар мен құрылыстар­да орналастырылған букмекерлік кең­селер мен тотализаторлардың жар­намасына тыйым салуға қатыс­ты нормалар, букмекерлік кеңселер мен ерекше спорттық бағыт­тағы БАҚ-тың интернет-ресурс­тарындағы жарнаманы қос­па­ғанда, онлайн-платфор­малар­да және басқа да БАҚ-та және ұялы байланыстың абонент­тік құ­рылғыларына орналасты­рыл­ған жарнамаға тыйым салуға бағытталған түзетулерді енгізді.

Күн тәртібінің жобасында Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары мен Сенаттың Бюджет кодексіне енгізген түзетулері де бар. 

Соңғы жаңалықтар