• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Ақпан, 2025

Боччадан халықаралық жаттықтырушылардың шеберлік сабағы

175 рет
көрсетілді

Қазір Астанада боччашылардың оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Соның аясындағы семинар-тренингтерде отандық параспортшылар мен жаттықтырушыларға Корея және Тайланд елдерінен келген белгілі халықаралық мамандар жаттығу өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Кеше параатлеттердің жаттығуына Парламент Сенатының төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев арнайы барды.

Боччадан практикалық семинар-тренингке Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Атырау, Жаңаөзен, Павлодар қалалары және Жетісу, Абай облыстары сияқты әр өңірден келген 16 спортшы мен жат­тықтырушы, сондай-ақ 9 өңірлік федерацияның басшылары қатысып жатыр.

Іс-шараның мақсаты – өңір­лерде аталған спорт түрін дамытудың бірыңғай стра­тегиясын әзірлеу және спорт­шылардың әлеуетін одан әрі ашуға ықпал ету. Сонымен қатар практикалық шеберліктің де маңызы зор. Тренингке шақырылған жаттықтырушылар – әлемге танымал және боччадан Паралимпиада чемпиондарын дайындап жүрген тәжірибелі мамандар. Нақты айтқанда, оңтүстіккореялық сарапшы Чол Хен Квонның әдістемесі бойынша бүкіл әлем боччашылары жаттығады. Ал Тайландтан келген Котсила Самрит – боччадан осы елдің ұлттық құрамасының бас бапкері.

М.Әшімбаев боччашылар­мен белсенді жұмыс істеп жат­қан шетелдік жаттықтырушы­лар­ға алғыс білдіріп, спорт­шы­ларға сәттілік тіледі. Сон­дай-ақ ол бүгінде елімізде боччамен айналысқысы келетіндер қатары жыл сайын көбейіп келе жатқанын және отандық спорт­шылардың дайындық сапасы да арта түскенін атап өтті. Сондықтан әлемдік деңгейдегі жаттықтырушылардың шеберлік сабақтары жаңа техниканы меңгеруге, бірегей әдістемелерді пысықтауға және боччаның ерекшеліктеріне терең үңілуге жол ашады. 

Соңғы жаңалықтар