• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Күрес 12 Ақпан, 2025

Әлем чемпионаты – Үндістанда

57 рет
көрсетілді

26-27 ақпан күндері Үндістанның Дели қала­сында қазақ күресінен әлем чемпионаты түң­лігін түреді. Qazaq Kuresi қауымдастығы ұйым­дастыратын әлем чемпионатының демеушілері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акцио­нерлік қоғамы мен Sport Qory.

Дүниежүзілік додаға 20-дан астам елдің балуандары қатысуға өтініш берген. Дели төрінде Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерланд, Иран, Италия, Жапония, Қырғызстан, Молдова, Мек­сика, Моңғолия, Польша, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елінің балуандары белдеседі. Ерлер мен әйел­дер арасындағы бәсеке 16 салмақ дәрежесінде өтеді.

Ғани Келдіқұлов баптайтын балуандар Үндістанға де­йінгі оқу-жаттығу жиынын Алматы  қаласында өткізеді. Ұлттық құрама командасының сапында Бекжан Тө­ле­пов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұр­­дәулет Жарылғапов, Зарина Сарипова, Рауза Нұр­­ма­хамметова, Роза Нысантайқызы сынды балуандар бар.

 

Соңғы жаңалықтар