«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» – ұлттық жобасы аясында Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында медициналық пункт ашылды.
Заманауи стандарттарға сай салынған ғимарат ем-шара қабылдау, физиотерапия кабинеттері, дәріхана, науқастар мен қызметкерлерге арналған басқа да бөлмелермен жабдықталған. Ауызсу, жылу желілерімен толықтай қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы пандустар орнатылған.
Бір мезетте 25 адамды қабылдауға қауқарлы медициналық пункт ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық дәрігерлік қызмет көрсететін болады.
Абай облысы