• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2024

Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды

105 рет
көрсетілді

Бүгін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Egemen.kz.

ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпулерінің уақыты – 11:19 (Астана уақытымен) Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 км. Сезілген аймақ: Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы - 2 балл.