• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Мәдениет 16 Ақпан, 2024

Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

80 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеппен кездесті. Жүздесуде Қазақстанның Түрікменстанда өтетін мәдени күндерінің жоспары талқыланды, деп жазады  Egemen.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Екі жақ маусым айында Қазақстанда өтетін Түрікменстанның мәдени күндері мен осы жылы қазан айында жоспарланған Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне дайындық барысын талқылады. Ашхабадта өнер көрмесі және қазақ киносының күндері өткізіліп, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылатыны» жазылған ақпаратта.