• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Ақпан, 2024

Екі балаға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

102 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан медициналық мекемелерге жіберілген дәрі-дәрмектердің жарамдылығы өтіп кеткені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Павлодар қаласындағы емханалардың біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді.

Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 балаға екпе салынды.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.