• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Білім 01 Ақпан, 2024

Жалақыдан 530 млн теңге жымқырған. Жетісай ауданы білім бөлімі есепшілері тергеуге алынды

8088 рет
көрсетілді

Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында аудан бухгалтерлері алдын-ала сөз байласу арқылы мұғалімдердің жалақысынан аса ірі мөлшерде қаржы жымқырып келгені анықталды. Олар бұл әрекеттерін 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырып келген. Тергеу барысында есепшілер мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерткені белгілі болды. 

Прокурорлардың айтуынша, күдіктілер заңсыз жолмен 530 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығы анықталып жатыр. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды», делінген прокуратура хабарламасында.