• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2024

Ауыл арасында адасып кеткен

260 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында адасып кеткен екі жолаушы аман-есен табылды, деп хабарлайды  Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қаңтарда Ақтөбе облысының  Тәңірберген ауылынан Сарыжар ауылына жеңіл көлігімен  жолға шыққан  екі адам адасып кеткен.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1961 және 1969 жылы туған екі азаматты түн ортасы ауа аман-есен тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі   ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.